Өңірлер

Семейде 5 мың орынға арналған спорт кешені салынбақ

Биыл Семейде қаланың мәдени және спорттық өмірін байыта түсетін көп функционалды «Абай Арена» кешенінің құрылысы басталады. Құрылыс халықаралық стандарттар бойынша салынып, 5 мың көрермен орнына арналады, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан01 Наурыз , 19:23

Семейде өңір басшысы Даниал Ахметов «Абай Арена» мәдени-спорт кешені жобасының тұсауын кесті. Қала қоғамына жоба туралы айта келе, облыс әкімі осы бірегей кешеннің қаланың мәдени және спорттық өміріне динамика беретінін атап өтті.

«Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Оның құрылысына биыл кірісеміз. «Абай Арена» қала мәдениеті мен спортының дамуына динамика береді. Құрылыстың Семейді басқа қалалардан өзгеше ететін бірегей сәулет келбеті болмақ. Үлкен залда әр түрлі іс-шаралар өткізуге болса, бассейні бар тамаша су кешенінде мәнерлеп жүзуден және жалпы қала тұрғындарына арналған сабақтар өткізілетін болады. Оның бой көтеруі Семей қаласының 300 жылдығына арналады», – деп атап өтті Д. Ахметов.

Айта кету керек, спорт құрылысы «Қарағайлы» жаңа шағын ауданында басталады. Оның ауданы 14 мың шаршы метрден артық.

Барлық халықаралық стандарттар бойынша салынған кешен спорт түрлері бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Бассейн турнирлер, жүзу, аквааэробика, суға секіру бойынша сабақтар өткізуге арналады. 




Яндекс.Метрика