Ұлтаралық бірлік

Қазақстандықтар Алғыс айту күнін екінші рет атап өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстандықтар 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Алғыс айту күнін екінші рет атап өтуде.
Астана қаласы01 Наурыз , 18:37

Форумды ашқан Мемлекеттік хатшы Алғыс айту күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған құттықтауын оқып берді.

Мемлекет басшысы Алғыс айту күні – бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше күн екенін атап өтті.

«Мен тәуелсіз елімізді бірлесіп құрып жатқан Қазақстан халқына ынтымағы мен ерік-жігері үшін алғыс айтамын», - делінген хабарламада.

Форумға қатысушылар Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері киізден жасаған бұйымдардың «Жан жылуы» атты экспозициялық көрмесін тамашалады.

Әр түрлі ұлтқа жататын балалар Қазақстанға және Мемлекет басшысына алғыс айтты. 

Олар «Тоғыз құмалақ», «Асық» ұлттық ойындарында өз шеберліктерін көрсетті.

Мемлекеттік хатшы жас буыннан халыққа және еліміздің Президентіне деген алғыс сөздерін қабыл алды.

Бұдан бөлек, ҚХА жаңа мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының куәліктерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.  

Этнос өкілдері Қазақстанның қонақжайлығы мен еліміздегі халықтардың достығы туралы пікірлерімен бөлісті. Бұл жөнінде әр түрлі ұлт өкілдері Алғыс айту күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы барысында айтты. 

«Мен Астана қаласындағы корея этномәдени бірлестігі атынан қаланың барлық тұрғындарын, елордамыздың қонақтарын осындай тамаша мейраммен, көктемнің басталуымен, алдағы көктем мерекелерімен құттықтағым келеді», - деді Астана қаласындағы корея этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак.

«Қазақстанда барлық халықтар тату-тәтті өмір сүреді. Біз осыған шексіз алғыс білдіреміз», - деп атап өтті Астана қаласындағы шешен-ингуш орталығының өкілі Эллада Бабаева.  

«Алғыс айту күні – біз қазақ халқына, жылуы, мейірімділігі мен қонақжайлығы үшін алғыс білдіре алатын күн», - деді Астана қаласындағы өзбек этномәдени орталығы жастар қанатының төрағасы  Фарангис Ахметова.

Атап өту керек, форум жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің, аналар кеңестерінің, қоғамдық келісім өкілдері, ғылыми-шығармашылық зиялылар, халықтық-қолданбалы өнер шеберлері, жастар мен БАҚ қатысты. 

Форум барысында Алғыс айту күніне арналған концерт өтті. Әр түрлі этнос өкілдері басқа халықтардың мәдениеті туралы көп білетіні байқалды. Өзара түсіністік және бір-бірін қолдау Қазақстанда тұратын халықтың рухани принциптеріне айналды.

Бұдан бөлек, барлық қатысқандарға елімізде шығарылған сыйлықтар табыс етілді.  

Форумға қатысқандардың әрқайсысы басқа халықтардың мәдениетімен танысу барысында жақсы көңіл-күйде болды. Өзара түсіністік және бір-бірін қолдау Қазақстанда тұратын халықтың рухани принциптеріне айналды.

 

Алғыс айту күнінің 1 наурызда атап өтілуі бекер емес, бұл көктемнің басталуы, жаңа мүмкіндіктер мен үміттің ақталуы. Жыл сайын бұл мереке Қазақстан халқын одан сайын біріктіре түседі.

Гүлтай Хасенова

Фото Арман Мұхатов




Яндекс.Метрика