Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2017 жылы Павлодар облысында 678 млн теңгеге 85 жоба қаржыландырылады

2017 жылы Павлодар облысында 678 млн теңгеге 85 жоба қаржыландырылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар01 Наурыз , 18:59

«2017 жылы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге шағын несие беруге 1,8 млрд. теңге бөлінді, бұл қаражаттың 678,0 млн. теңгесі нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдаралмасы бойынша 85 жобаны қаржыландыруға жұмсалады», - деді Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Ораз Дүзденбаев.

Қазіргі кезде Ауыл шаруашылық басқармасы бағдарламаға қатысуға тілек білдірген кәсіпкерлермен жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі кезде Павлодар қаласы (ауылдық аймағы), Железин, Шарбақты, Баянауыл, Ертіс аудандарынан басқа аудандар үміткерлердің кәсіпкерлік негіздері бойынша курстан өткенін растайтын куәліктерінің бар-жоғы туралы ақпарат беріп үлгерді.  

«Бастау-Бизнес» жобасының қаржылық емес операторы - кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы. Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Байсейітов Серік ағымдағы жылы Баянауыл, Ертіс, Павлодар, Шарбақты, Качир аудандары мен Павлодар қаласында бағдарлама қатысушыларына кәспкерлік негіздеріне оқыту жобасы жүзеге асырылатынын жеткізді.

Қазіргі кезде қысқа мерзімді курстарға 937 адам жазылып үлгерді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыту сәуір-қазан аралаығында жүргізіледі. Курс кезінде тыңдаушыларға 16,759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.




Яндекс.Метрика