Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Павлодар облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру бағдарламасы аясында 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазіргі таңда облыс бойынша 29,6 мың адам жұмыссыз және өздігімен жұмыс істейтіндер ретінде тіркелген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар01 Наурыз , 17:59

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаппасов Балтабайдың ақпараты бойынша Бағдарламаның негізгі міндеті жұмыссыз және өздігімен жұмыс істейтін азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтып, тұрғындардың осы санатының табыстарын арттыру болып табылады.

Қазіргі таңда облыс бойынша 29,6 мың адам жұмыссыз және өздігімен жұмыс істейтіндер ретінде тіркелген. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3,1 млрд теңге бөлінді. Бұл соманың 1,9 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер болса, қалған 1,2 млрд теңге - республикалық бюджеттің қаржысы.

«Басты міндет – еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыратын мамандар әзірлеу. Яғни, жұмысшыларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарда және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдар мен қалаларда шағын несие беру ісін кеңейту, жұмыссыздар мен өздігімен жұмыспен қамтылғандардың жұмысқа  орналасуына жәрдемдесу, еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру және жұмыспен қамту саласында бірыңғай сандық деректер базасын құру», - деді Б.Қаппасов.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту орталықтарының қызметі жаңа талаптардың негізінде жаңғыртудан өткізіледі. Жұмыспен қамту орталықтарының тиімділігі олардың азаматтарға көмек берудегі нәтижесі бойынша қаралып, орталық қызметкерлерінің жалақысы да осыған байланысты есептелетін болады.   

Бағдарламаның екінші бағытының координаторы – Ауыл шаруашылық басқармасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы азаматтарға агроөнеркәсіп саласында шағын несие берумен айналысады.




Яндекс.Метрика