Ұлтаралық бірлік

Біз Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек – Пак (ВИДЕО)

Біз Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек, деді Астананың корей этнобірлестігі төрағасының орынбасары Роза пак Алғыс айту күніне арналған ҚХА форумында.
Астана қаласы 01 Наурыз, 18:16

«Бүгін көктемнің алғашқы күні Қазақстанда  Алғыс  айту күні мерекеленуде. Бұл көктем басындағы жылы, мейірімді мерекелердің бірі. Мен Астана қаласының корей этнобірлестігінің атынан   қаланың барлық тұрғынын  керемет мейрам  және көктемнің келуімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, бірлік, ынтымақтастық тілеймін», - деді Р.Пак.

Айта кетейік, Астанада Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті. Шара аясында ҚХА-ның жаңа мүшелеріне куәлік тапсырылды.Үздік журналистер мен спортшылар, қоғам қайраткерлері  Ассамблея мүшесі атанды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика