Ұлтаралық бірлік

Қазақстанда барлық ұлыстарды жақсы қарсы алады – Бабаева (ВИДЕО)

Қазақстанда барлық ұлыстарды жақсы қарсы алады, деді Астананың шешен-ингуш этнобірлестігінің өкілі Эллада Бабаева Алғыс айту күніне арналған ҚХА форумында.
Астана қаласы 01 Наурыз, 17:21

«Мен барша қазақстандықтарды  аталмыш мерекемен құттықтаймын. Гүлдену мен байлық, денсаулық тілеймін. Қазақстанда барлық ұлыстарды жақсы қарсы алады. Біз осы үшін алғыс айтамыз», - деді Э.Бабаева.

Айта кетейік, Астанада Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті. Шара аясында ҚХА-ның жаңа мүшелеріне куәлік тапсырылды.Үздік журналистер мен спортшылар, қоғам қайраткерлері  Ассамблея мүшесі атанды.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика