Ұлтаралық бірлік

Қазақ халқына қонақжайлық пен мейірімділік үшін алғыс айтамыз – Ахметова

Қазақ халқына қонақжайлық пен мейірімділік үшін алғыс айтамыз, деді Астана қаласының өзбек этномәдени орталығының жастар қанатының төрағасы Фарангис Ахметова Алғыс айту күніне арналған ҚХА форумында.
Астана қаласы 01 Наурыз, 15:17

«Бүгін  1 наурыз Елбасы  аталмыш мерекені бекерден белгілеген жоқ.  1995 жылдың  1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.  Алғыс айту күні – біз қазақ халқына қонақжайлық, мейірімділік  үшін алғыс айтамыз. Осы уақыт аралығында  әр түрлі этностар  келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатыр.  Осы күні біз бір-бірімізге алғыс айтуымыз керек», - деді Ф.Ахметова.

Айта кетейік, Астанада Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті. Шара аясында ҚХА-ның жаңа мүшелеріне куәлік тапсырылды.Үздік журналистер мен спортшылар, қоғам қайраткерлері  Ассамблея мүшесі атанды.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов 





Яндекс.Метрика