Энергетика

Энергетика министрлігі мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізуді жоспарлауда

ҚР Энергетика министрлігі деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау, пайдалану үшін мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін (МЕАЖ) енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомствоның Алқа отырысында хабарлады.
Астана қаласы01 Наурыз , 14:09

«МЕАЖ мұнай өндіру көлемдерін және айналымын есепке алуды, мұнай айналымы кезінде туындайтын барлық техникалық шығындарды есепке алуды жаңғырту мен автоматтандыруға мүмкіндік береді», - деді Қ. Бозымбаев.

Министр бағдарламаны енгізудің ұсынылған мерзімін атады. Оның айтуы бойынша, 2017-2018 жылдары – заңнаманы әзірлеу, түзету, 2018-2019 жылдары – енгізу, 2020 жылы іске қосу жүзеге асырылады.

«Жобаға арналған бюджет бойынша 2015 жылғы бағамен алғанда 2,7 млрд теңгеге жуық қаражат қажет. Заңнамаға ЭМ, ҚМ, ҰЭМ, ИДМ жүйесінің жұмыс істеу параметрлерін (бақылау құрылғыларын орнату орындары, деректерді жинау жиілігі, тікелей кәсіпорындарда есепке алу жүйелерінің болу міндеттілігі) нақтылауға мүмкіндік беретін бірқатар түзетулер енгізу талап етіледі», - деді Қ. Бозымбаев.

Сондай-ақ, ол МЕАЖ жобасы «Ақпараттық Қазақстан 2020» бағдарламасына енгізілгенін атап өтті. 




Яндекс.Метрика