Ұлтаралық бірлік

С.Сәпиев Алғыс айту күні қазақстандықтарға келісім мен бейбітшілік тіледі

Спортшы үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында болу үлкен мәртебе, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Алғыс айту күніне арналған форумда.
Астана қаласы 01 Наурыз, 13:54

«Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі атанғаныма қуаныштымын. Бұл спортшы және өзге санаттағы адамдарға үлкен мәртебе. ҚХА-ға өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Біздің мемлекет – көпұлтты ел, сондықтан ассамблеяның құрылуы өте құптарлық, барлығымыз келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз», - деді С.Сәпиев.

С.Сәпиев  Алғыс айту күнінің маңызын айтып, барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Елге кез келген мереке қуаныш әкеледі. Кешіру және Алғыс айту күндері ерекешеленеді. Бұл күн айналамыздағы барлық адамдарға  алғыс  айтуға мүмкіндік береді.  Мен барша қазақстандықтарға  денсаулық, бақыт, қуаныш тілеймін. Барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүргенін қалаймын», - деді чемпион.

Айта кетейік, Астанада Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті. Шара аясында ҚХА-ның жаңа мүшелеріне куәлік тапсырылды.Үздік журналистер мен спортшылар, қоғам қайраткерлері  Ассамблея мүшесі атанды.

Ақбота Күзекбай

Фото:  Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика