Ұлтаралық бірлік

Қазақстандағы этностар елді бірігіп гүлдендіруде – Ғ.Шалахметов

Алғыс күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы форумы аясында қоғам қайраткері, академик, Еуразия ұлттық университетінің ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов strategy2050.kz АА берген сұхбатында Алғыс айту күнінің елдегі бірлік пен біртұтастықты сақтаудағы маңызы мен рөлін атап өтті.
Астана қаласы 01 Наурыз, 12:51

Ғ.Шалахметов айтып өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы  біздің елде ғана бар бірегей ұйым – Қазақстанның қазіргі  заманғы жеңісі.

«Бүгін  - ерекше күн. Қазақстан Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды ұйымы бар бірегей ел. Бұл күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын, біздің көргеніміз  бен болашақта көретініміз – Қазақстанның басты жеңісі. Экономика, қаржы, әскери  техниканың барлығы адам достығымен салыстыруға келмейтін дүниелер. Ең басты жетістік – адамдардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі. Елбасына алғыс айтуымыз керек. Қанша адам болмасын, әркімнің өзіне тиесілі  мүлкі бар. Бұл Менделеевтің кестесі сияқты. Бізде  100 элемент болса, ол планетаның байлығын құрап отыр. Сондай-ақ, Қазақстан этностары елдің гүлденуіне бірігіп үлес қосуда», - деді академик.

Ғаділбек Шалахметов айтып  өткендей, барлық қазақстандықтарды жас мерекемен құттықтап, елдегі бірліктің нығаюын тіледі.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов 





Яндекс.Метрика