Басқару

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айналымға шықты

Ұлттық Банктің 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуының аяқталуы туралы 2017 жылғы 1 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуы аяқталды және заңды төлем құралы болуы тоқтататылды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Астана қаласы01 Наурыз , 12:38

Аталған банкноттар барлық екінші деңгейдегі банктерде және Қазпоштада 2018 жылғы 28 ақпанға дейін айырбасталады. Ұлттық Банктің филиалдары бұл банкноттарды 2021 жылғы 28 ақпанға дейін айырбастайды.

Бұл ретте Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.




Яндекс.Метрика