Ұлтаралық бірлік

Елбасы қазақстандық халыққа алғыс айтты

Астанада Алғыс айту күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтуде.
Астана қаласы01 Наурыз , 11:46

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова   Алғыс айту күніне арналған форумға қатысты.

Форумды аша отырып,  Мемлекеттік   хатшы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуін оқып берді.

«Алғыс айту күні – бұл мемлекеттік және қоғамдық күнтізбеде пайда болғанына көп болмаған ерекше күн.

Алайда, бұл мерекенің шын мәнінде тарихи маңызы зор. Ол ең құнды адамгершілік қасиеттер –  қайырымдылық, рақымшылық, өзара жәрдемдесу көрініс тапқан сол бір қиын кезеңдерді еске түсіреді...

Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, береке-бірлік, достық пен табыс тілеймін!», - деген тілек білдірді Елбасы құттықтау сөзінде.

Елбасы сондай-ақ, өз  Үндеуінде қазақстандық    халыққа  Тәуелсіздікке  бірге қадам жасап,  бірлік пен біртұтастық үшін алғысын білдірді. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика