Энергетика

2019 жылы Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен толыққанды қамтамасыз етеді

ҚР Энергетика министрлігі елдің мұнай-газ саласын ынталандыру үшін Жер қойнауы туралы кодекс жобалары мен Салық кодексіне жүйелік шараларды ұсынды. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ЭМ алқа отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 10:54

«Елбасы өз Жолдауында мұнай өңдеу көлемін арттыруға ерекше  көңіл бөлуді айтып өткен. Елдегі үш  отандық мұнай өңдеу  зауытын жаңғыртудан кейін  мұнай өндіруді  өңдеу  2009 жылдан бері  14,5 –тен  17,5 млн тоннаға артты. Мұнай өнімдерінің өндірісін - бензин, дизельдік отын, әуе отынын  арттыру  көзделген. Жаңғыртылған МӨЗ іске қосылып, жобалық қуаттылыққа шыққан соң, елдің ішкі қажеттілігін  отандық мұнай өнімдерімен  қамтамасыз етуді күтеміз», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, елдің мұнай-газ секторын  ынталандыру үшін министрлік  Жер қойнауы туралы  кодекс  жобалары мен Салық кодексіне   жүйелік  шараларды ұсынды.

«Жер қойнауы туралы Кодексте: жер қойнауын қолдануды жеңілдету, қор бойынша халықаралық  жүйе есептілігін енгізу, әкімшілік кедергілерді жою ұсынылды. Салық кодексінде салықтардың  ең төмен бағасын ұсыну: барлау мен  өндіру келісімі арасындағы салық шекарасын бөлу, коммерциялық бонусты алу, терең кен орындары мен теңіз жобаларына арналған арнайы төлемдерді алу мен салық пен қаржылық қорытындыға көшу, жаңа байланыстарға  барлау жұмыстарын жасау үшін  білім алу міндетін  жүктемеу», - деді Қ.Бозымбаев.

Ол айтып өткендей, аталмыш шаралар  Елбасы  минералдық шикізаттық  негізді кеңейтіп, геологиялық барлауды  белсенділету тапсырмасын  орындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өз сөзінде Қ.Бозымбаев  мұнай-газ саласына жоғары технологияларды енгізу  бойынша ведомствоның  міндеттерін айтып өтті. 

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика