Басқару

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі есептік құжаттарды 22%-ға қысқартты

Еліміздің медициналық ұйымдарында автоматтандырылған жұмыс орны болған жағдайда медициналық қызметкерлер жүктемесін әрі қарай азайту мен уақытын тиімді пайдалану мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі есептік құжаттарды 22%-ға қысқартты.
Астана қаласы01 Наурыз , 17:41

Осы орайда  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылғы 22 ақпанда «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» №31 бұйрық шығарды. Аталған нормативтік құжат арқылы 2013 жылғы 6 наурыздағы №128 бұйрыққа түзетулер енгізілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Түзетулер өткізілген телемедициналық кеңестер мен бейнеконференция сеанстарының саны, қатерлі ісік аурулары және онымен сырқаттанған азаматтар, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі мен желісі, медициналық және фармацевтикалық кадрлар және т.б. бойынша есептердің үлгілеріне қатысты.

Бұйрық ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау басқармаларымен, Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму мәселелері бойынша Қоғамдық кеңеспен, «Атамекен» ҚР ҰКП-мен, кәсіби медициналық және фармацевтикалық бірлестіктермен, ҚР ДСМ ведомствоға бағынысты ұйымдармен келісілді.   

Естеріңізге сала кетейік, аталған шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес есеп құжаттарының үлгілерін оңтайландыруға, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есеп берудің ұлттық жүйесін «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге негізделген.




Яндекс.Метрика