Энергетика

АЭХА Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы тәжірибесін жоғары бағалады

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі халықаралық сарапшыларының ұсыныстары мен ұсынымдары қарастырылған кеңейтілген нәтижесін көрсететін Қорытынды есеп Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне АЭХА Бас директорының орынбасары Михаил Валентинович Чудаков пен АЭХА Ядролық энергетика департаментінің ядролық инфрақұрылымды дамыту секциясының жетекшісі Милко Ковачевтың қатысуымен ресми түрде ұсынылды.
Астана қаласы01 Наурыз , 12:17

Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасында атом энергиясын дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша жоспар аясында 2016 жылғы 31 қазан –   7 қараша аралығында Астана қаласында АЭХА өкілдері мен сарапшыларының қатысуымен Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жөніндегі миссия (бұдан әрі – ИНИР миссиясы (INIR – Integrated Nuclear Infrastructure Review) өтті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.

ИНИР миссиясы жұмысында қызметкерлер және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ және «Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясының өкілдері қатысты.

Миссияның жұмысы барысында АЭС құрылысының қауіпсіздік жүйесі және қаржыландырумен, заңнамалық-құқықтық базаны дамытумен, қоршаған ортаны қорғаумен, электр желілерінің дайындығымен, білікті кадрларды даярлаумен байланысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ қоғамдық пікірді талдау, БАҚ-пен өзара әрекеттесу формасы және т.б. тақырыптар қозғалды.

Қазақстанның ядролық инфрақұрылымының даму деңгейін бастапқы зерттеулері бойынша сарапшылар 1972-1999 жылдар аралығында 27 жыл бойы жұмыс жасаған БН-350 жылдам нейтронды реакторды пайдаланудың қазақстандық тәжірибесімен байланысты ядролық инфрақұрылымының бұрынан құрылғанын атады. Сондай-ақ, Қазақстанның әлемде жетекші уран өндірушілердің бірі болуына мүмкіндік беретін уран өндіру және отын таблеткаларын шығару бойынша инфрақұрылымның дамығандығы атап өтілді.

Осы есеп Қазақстанның ядролық энергетикалық инфрақұрылымын күшейту жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу кезінде маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының болашақтағы атомдық энергетикалық бағдарламасын дамытуда және іске асыруда АЭХА-ның барлық ұсынымдары ескеріледі.  

 




Яндекс.Метрика