Халықаралық интеграция

Таиландтың алты сауда миссиясы 2017 жылдың жазында Қазақстанға келмек (ФОТО)

Бангкокте Таиландтың Сауда министрлігі, Тайлық өнеркәсіп федерациясы және Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан: тайлық кәсіпкерлер үшін әлеуетті нарық» бизнес форумы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 01 Наурыз, 10:37

Форумға 300-ден астам кәсіпкер, соның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, химия өнеркәсібі, туризм, көлік логистикасы, халықтық тұтыну тауарлары, машина жасау және онлайн-сауда саласындағы жетекші тайлық компаниялардың басшылары қатысты.

Қатысушылар Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық бағыттарын, Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерін, сондай-ақ Таиландтың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын талқылады.

Қазақстанның Таиландтағы елшісі Марат Есенбаев Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіретінін атап өтті.

Таиландтың Халықаралық сауданы дамыту департаменті бас директорының орынбасары Сомдет Сусомбоон Таиланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетіне ие екенін және екі елдің компаниялары экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс екенін айтты.  

С. Сусомбоон сондай-ақ биылғы жылғы маусым-шілде айларында Таиландтың сауда министрі мен энергетика министрі Қазақстанға сапармен келетінін жеткізді. 





Яндекс.Метрика