«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақмола облысында халықты жылумен қамту ауқымы кеңейді

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Көкшетау жылу» өз жобаларын табысты жүзеге асыруда, бұл туралы Ақмола облысы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен энергетика басқармасының жетекшісі Виктор Радчинко өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ақмола01 Наурыз , 10:17

«2015 жылдан бастап  өңірде «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасы  бойынша бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру басталды.  2016 жылдың соңына таман  Красный Яр ауылында блоктық-модульдық қазандық салынуда, оның құны  898,1 млн теңге. Сондай-ақ, Қопа өзені жағасында  жобаның құны 1832 млн теңгеге шықты. Екі жоба табысты жүзеге асырылуда», - деді спикер.

В.Радченконың айтуынша,  жаңа қазандықтың  қуаттылығы  халықты  8 мың адамға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Ол жылумен қамтуды  23 көпқабатты үйге, 6 әлеуметтік-мәдени нысанға, 12 заңды  нысанға орнатты.

«Қопа өзені жағасындағы   тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйесін қайта  құру  сапалы  жылумен қамтуды  10  пайызға жүзеге асырды», - деді ол. 




Яндекс.Метрика