Халықаралық интеграция

Мексиканың бизнес-делегациясы көктемде Қазақстанға келмек

Мексиканың аграрлық, тау-металлургиялық және басқа экономика секторларының кәсіпкерлері биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанға келмек, бұл туралы Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесовтың Халиско штатындағы Гвадалахару қаласына жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Әлемде 01 Наурыз, 09:56

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, А. Елемесов сапар аясында штаттың Энергетика агенттігінің басшылығымен кездесіп, энергетика секторындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, сондай-ақ Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы айтып берді.

Өткен кездесудің нәтижесінде Мексиканың аграрлық, тау-металлургиялық және басқа экономика секторларының кәсіпкерлерінен тұратын бизнес-делегациясын биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанға жіберу туралы келісілді.

Сауда миссиясының негізгі мақсаты мексикалық өнімдерді өткізу нарығын кеңейтуді іздеп қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық өнімдерді де мексикалық нарыққа жіберу мүмкіндігін зерттеу, сондай-ақ Қазақстанда және Мексикада инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру болып табылады.

Айта кету керек, Халиско штаты Мексиканың 32 штатының ішінде алдыңғы орынды алады, Гвадалахару  қаласы – Мексикадағы халық саны жағынан екінші орында, оның тұрғындарының саны 4,5 млн адамды құрайды.





Яндекс.Метрика