Ұлтаралық бірлік

Қазақстандықтар Алғыс айту күнін мерекелеуде

Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күнін мерекелеуде. Ел тұрғындары аталмыш мерекені екінші мәрте қарсы алуда.
Астана қаласы01 Наурыз , 09:12

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды.

Айта кетейік, ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков  барлық тұрғындарға  аталмыш жас мерекені тойлауға атсалысуға шақырған болатын. Ол Алғыс айту күні – Қазақстан халқы Ассамблеясының  рухани субстанциясы екенін атап өтті.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика