ҚР Президентінің Жолдауы

Астана мектептерінде тіршілік қарекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі енгізіледі (ВИДЕО)

Эксклюзив
Астана қаласының мектептерінде «Тіршілік қарекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» ауқымды жобасы әзірленуде, онда астаналық ІІД қызметкерлері қала мектептерінде болып жатқан барлық оқиғаларды қадағалап отырады. Бұл туралы Астананың білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Әнуар Жанғозин мен «Astana Innovations» АҚ бас менеджері Нұрбек Жетпісов Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
Астана қаласы 01 Наурыз, 09:34

««Astana Innovations» аясында «Тіршілік қарекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі»  ауқымды жобасы жүзеге асырылып жатыр, онда астаналық ІІД қызметкерлері  қала мектепрінде болып жатқан барлық оқиғаларды қадағалап отырады. «Smart-мектеп»  жобасы аясында біз жүйе жоспары мен  бейнебақылаудың ықпалдасуын қарастырып отырмыз. Ол арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлері  кез келген мектепте болып жатқан жағдайды бақылап отырады. Төтенше жағдай болған сәтте тек мектепте ғана емес, Астана қаласының ІІД базасында бақылай алады», - деді Н.Жетпісов.

Өз кезегінде, білім беру басқармасының өкілі қазіргі таңда мектептің сыни жерлеріне камералар орнатылатынын жеткізді.

«Айта кетерлігі, бейнебақылау камералары сыни орындарда, қоғамдық орындарда, спорт зал мен  концерттік залдар, мектеп маңайы мен киім-кешек орындары мен дау туып қалу мүмкіндігі бар жерлерге орнатылады», - деді А.Жанғозин.

Қайрат Жандыбаев

Видео:  Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика