Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Қырғызстан екі арасында су ресурстарын бөлу жағдайын талқылады

Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаевтың бастамасымен сыртқы сауда, ауыл шаруашылығы (ветеринария, фитосанитария), туризм және трансшеқаралық өзендерін суын бөлу мәселелерін талқылау бойынша Талас, облысының уәкілетті өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әлемде28 Ақпан , 19:37

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, облыстық басқармалар және аумақтық басқармалар басшылары, орталық атқарушы органдардың "Қазсушар"РМК-ның облыстық филиалының директоры қатысты.

Кездесу барысында, біздің мемлекеттеріміз арасындағы су ресурстарын бөлудің, Шу және Талас облыстарындағы трансшеқаралық өзендерін суын бөлу мәселелері атап өтілді. Сондай-ақ, Жамбыл облысында тұтынатын судың 80 пайызы шекаралас қырғыз елінен келетіндігі айтылды.

« Бұдан бөлек 2016 жылы Киров су қоймасының қашты суы орын алған, сондай-ақ бірнеше рет су қоймасының шлюздері ашылып және жабылды, сол салдардан Талас өзенінің жағалауы тез арада шайылып кетті. Біздің облыстың кейбір аудандарда төтенше жағдай туындаған елді мекендерге ондаған миллион теңгеге залал келтірілген»,- деп назар аударды Жамбыл облысының әкімі.

«Көрші облыстардан сұраныс болса біз өзіміздегі өнімдерді тасымалдап, тауар айналымының ұлғаюына ықпал етеміз»,- деді өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.

Бұдан әрі, екі жақ сауда-саттық саласындағы маңызды мәселелерді шешу жайы сөз болды. Азық-түлік тауарларын ешбір кедергісіз Жамбыл облысының сауда нүктелеріне жеткізу және Жамбыл облысында Қырғыз елінің кәсіпкерлері мен тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу жайы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша, екі жақтағы өзара ынтымақтастықты  одан әрі дамыту үшін  Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасының Талас облысындағы өкілдіктері арасындағы бірқатар Меморандумдарға қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика