Ұлттың денсаулығы

Қарағанды облысында жүктілерге арналған SOS түймесі бар мобильді қосымша таныстырылды

Қарағанды облысында «SOS функциясымен босануға дейін қашықтықтан патронаждау» жобасы қолға алынды. Жүктілерге арналған жаңа мобильді қосымшаны облыс әкімдігінде аппарат отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев таныстырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды28 Ақпан , 20:28

Ведомство басшысы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іскке асыру туралы баяндады.

2016 жылы аймақта ана өлімі 41% төмендеді (тірі туған 100 мың адамға шаққанда 28,6-ден 16,8-ге дейін). Бірақ жоспарланған шекке қол жеткізілмеді. Талдау көрсеткендей, әйелдер көбінесе жүктілікпен және босануға байланысыы жоқ ауыр соматикалық аурулардан көз жұмады. 100 әйелдің төрттен бірі ғана салыстырмалы түрде сау болып табылады, дейді мамандар. 

«Электронды денсаулық сақтауды дамыту аясында жаңа «SOS функциясымен босануға дейін қашықтықтан патронаждау» ақпараттық өнімі енгізілді. Жүкті әйелдердің барлығы дәрігермен байланыста болуға және қажет жағдайда шұғыл көмек шақыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны ала алады. SOS түймесін басқан кезде әйелдің орналасқан жері анықталады, оған дәрігерлер жіберіледі», - деді Ержан Нұрлыбаев.

Қарағанды облысында жыл сайын шамамен 22,5 мыңға жуық босану тіркеледі. 

Сонымен қатар, биыл аймақта Мақажанов атындағы клиникада және облыстық медицина орталығында ситуациялық орталықтар ашылады. Облыстық жедел қызмет көрсетудің бірыңғай диспетчерлік желісін құру жоспарланған.




Яндекс.Метрика