Ұлттың денсаулығы

Қазақстан Азия ойындарында спорттың 11 түрінен 32 жүлде жеңіп алды

VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан командасы спорттың 11 түрінен 32 жүлде жеңіп алып, 9 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль иеленді. Қазақстандық спортшылардың қатысу қорытындылары туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Канағатов ОКҚ алаңында айтып берді.
Астана қаласы 28 Ақпан, 16:13

«Біздің спортшыларымыз Азия ойындарында спорттың 11 түрінен 32 жүлде - 9 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте Қазақстан командасы төртінші орынды иеленді.  Бірінші орында Жапония, екінші орында Корея және үшінші орында Қытай командасы», - деді спикер.

Сондай-ақ, ол 8-ші қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 173 адамнан құралғанын айтты, оның ішінде 142 спортшы, 47 жаттықтырушы мен медицина қызметкерлері, 12 адам штабта.

«Универсиада жеңімпаздарына сыйлықақы ретінде мемлекет атынан көтермелеу сыйлықақылары қарастырылған. Бірінші орын үшін - 10 мың доллар, екінші орын үшін - 5 мың доллар және үшінші орын үшін – 3 мың доллар», - деп ақпараттандырды Е. Канағатов.

Еске сала кетейік, VIII қысқы Азия ойындары 2017 жылғы 19-26 ақпанда Саппаро және Обихиро қалаларында (Хоккайдо о.) өткен болатын. Ойындарға 31 елден спортшылар қатысқан. Спорттың 11 түрінен 64 медаль жиынтығы ұтысқа шығарылған.

Қайрат Жандыбаев

Автордың суреті





Яндекс.Метрика