Адами капитал

Әскери қызметшілер шаңғы жарысын Қарулы Күштердің 25-жылдығына арнады (ФОТО)

«Астана» өңірлік қолбасшылығында Қазақстан Қарулы Күштерінің 25-жылдығына арнап жаппай шаңғы тебу өтті. Шаңғы тебуге Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты, олардың отбасы мүшелері де спорттық іс-шараға ынталана атсалысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 28 Ақпан, 20:43

Шаңғымен жүгіруге барлығы 500-ден астам адам қатысты. Олар 5000 метрлік трассаны шаңғымен жүріп өтті. Жарысты Қарағанды гарнизонының бастығы полковник Қарақұлов Қайдар бастады. Ол спорт пен армияның әрқашанда ажыратылмас болғандығын және әскери қызметшілердің физикалық қалпы мен даярлығын жоғары деңгейде сақтап, әрдайым спортпен шұғылданатындығын атап өтті.      

Қатысушылар мен қонақтар үшін жылытатын шатырлар орнатылып, ыстық тамақ пен шай ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 22750 әскери бөлімі алды, екінші орынға 31775 әскери бөлімі ие болса, 55524 әскери бөлімі үшінші орынды алды. Жаппай шаңғы тебуден жарыс жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен мақтау қағаздары ұсыңылды.   

 





Яндекс.Метрика