Ұлтаралық бірлік

Армян этноорталығы: Қазақстан біздің туған үйіміз

Астанада Алғыс айту күні аясында ашық есік күндері өтті, шараға елорданың 11 этномәдени бірлестігі қатысты.
Астана қаласы28 Ақпан , 15:47

 «Ван» армян этномәдени  орталығының төрағасы Саака Акоповичтің айтуынша, этникалық ұйым  2000 жылы құрылды. Орталықта армян тіліне тек этникалық өкілдерді ғана емес, барлық қалаған азаматтарды үйретеді.

«17 жыл ішінде мәдени орталық ауқымды жұмыс атқарды. Бүгінгі таңда  жексенбілік мектеп жұмыс істеуде, ол армян тілі  мен армян тарихына оқытады. Шағын, ыңғайлы орында біз өзіміздің кішігірім кеңсемізді аштық. Бізде «Ван»  балалар  би тобы жұмыс істейді, олар барлық шараларға белсенді атсалысып жатыр. Ол біздің  ортақ шаңырағымыз», - деді армян этномәдени бірлестігінің басшысы.

Шараға беларусь, украина, әзербайжан, ұйғыр, өзбек  және өзге  этнобірлестіктердің өкілдері қатысты.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика