Ұлтаралық бірлік

Өзбек этномәдени орталығының есігі барлығына ашық – Ш.Пулатов

Біздің есігіміз барлығына ашық, деді Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов Астанадағы Алғыс айту күніне арналған ашық есіктер күнінде.
Астана қаласы28 Ақпан , 15:37

 «Астана қаласы әкімдігінің жұмысы нәтижесінде  бізге кабинеттер ұсынылды. Біз өте ризамыз, ашық есік күнін өткізіп жатырмыз. Біздің есігіміз баршаңызға айқара ашық. Орталығымызда  барлық этнос өкілдері тіл мен мәдениетті меңгеруде. Біз Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері, Қазақстан халқы Ассамблясы  ұйымдастыратын  барлық шараларға қатысып жүреміз. Қазір мәдени орталықта жастар қанаты жасақталды, ол зияткерлік топ,  спорттық блок, мәдени-ұйымдастыру  мен ақпараттық топ бойынша жұмыс істеп жатыр. Біздің ЖОО-ларда оқитын барлық студенттер аталмыш шараларға қатысады. Сондай-ақ, орталықта  2 ансамбль құрылды – вокалдық-интрументалды ансамбль және  «Алаша»  би тобы», - деді таныстыру барысында Шерзод Пулатов.

Айта кетейік, бүгін Астанада Алғыс айту күні аясында ашық есік күндері өтті, шараға елорданың  11 этномәдени бірлестігі қатысты. Қазіргі таңда  500 мың  өзбек ұлтының өкілі  Қазақстанда тұрып жатыр,  оның ішінде  8 мыңы Астанаға қоныстанған.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика