Үкімет

Білім берудің ақпараттық жүйесі мәліметтерді 4 платформаға жібереді

Білім берудің ақпараттық жүйесі мәліметтерді 4 платформаға жібереді, деді Үкіметтің отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Астана қаласы28 Ақпан , 12:04

 «Бүгінгі таңда 73 ақпараттық жүйе барын баяндады. Олардың бәрі мәліметтерді 4 платформаға жібереді.Біріншісі – ҰБМБ (Ұлттық білім беру мәліметтер базасы) – бұл білім беру жүйесі бойынша барлық әкімшілік ақпарат. Екіншісі – бұл электронды күнделік – ағымдағы үлгерім, мектептер мен ТжәнеКБ-нің академиялық ақпараты. Үшіншісі – «бұлтты» бухгалтерия – еліміз бойынша барлық білім беру ұйымдарының бірыңғай бухгалтериясы. ЖБББЖ (Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі) – ЖОО-лардың ақпараттық жүйесі», - деді Е.Сағадиев.

73 жүйе ақпаратты 4 платформаға жеткізеді, және осы 4 платформа өзара ақпарат алмасады. Бұл толық автоматтандыруды береді, сол арқылы әр баланың бағаларын, үй жұмысын, мұғалімнің әр сабақтық жоспарын көруге болады.

«Келешекте балалар контингентін, оқушы орындарының тапшылығын, мектептер құрылысының картасын жоспарлау жеңіл болмақ. Бәрі бірыңғай ақпараттық жүйеден шығады. Мұғалімдер сыныптарды онлайн бақылауға ие болады, қағазсыз есептілікке толық көшеді – ақпарат енді қайталанбайды. Ата-аналар баланың бағаларын, сабаққа қатысуын, үй жұмысын және оның ілгерілеуін онлайн режимде көре алады», - деді министр.

Аталған платформаларды енгізу үшін мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру және олар үшін байланыс төлемін бірыңғай органда орталықтандыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілікті жүктеу қажет.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика