EXPO-2017

Ақмолалық туроператорлар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 7 туристік пакет әзірледі

Ақмолалық туроператорлар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында шетелдіктер үшін 7 туристік пакет әзірледі, бұл туралы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық мәселелері жөніндегі кеңес барысында белгілі болды.
Ақмола28 Ақпан , 13:46

Ақмола облысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Әділбековтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшыларының қатысуымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтті.  

Кездесуде Щучье-Бурабай курорт аймағында шетелдік туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету, Ақмола облысының Мәдениет күндерін өткізу, сондай-ақ Астана қаласына азық-түлік тауарларын жеткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.

Бүгінгі таңда облыстың туроператорлары облыстың 30-дан астам үздік туристік бағдарын (автобуспен, жаяу жүргіншілер, атпен, су арқылы және т.б.) қамтитын 7 туристік пакет әзірледі, бұдан бөлек, Бурабай курортына бару Алматы және Астана қалаларының жетекші туроператорларының турпакеттеріне енгізілген.

Бұдан бөлек, облыстық әкімдік ақпараты бойынша, Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктері арасында жасалған Меморандум аясында Ақмола облысының тауар өндірушілері үшін одан әрі қолайлы жағдайлар жасау және жаңа мүмкіндіктер беру бойынша жұмыс жалғасуда.  

Ақмола облысының Мәдениет күндерін  20-25 маусымда өткізу жоспарлануда. ЭКСПО көрмесінің амфитеатрында облыстық филармонияның кәсіби шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерт өтеді.  




Яндекс.Метрика