Үкімет

Үкіметте АӨК-ні дамыту жөніндегі шаралар жоспарын мақұлдады

Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 14 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру Жоспары қаралды, деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов.
Астана қаласы28 Ақпан , 11:18

«Оның мақсаты – нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік бағдарлама  8 міндеті бойынша 134 іс-шараны  қарастырып отыр.Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында көптеген позициялар бойынша біздің әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатынымыз атап өтілді», – деп атап өтті вице-министр.

Әсіресе, бұл экологиялық таза тағамдарға қатысты айтылды. Бұл үшін ең алдымен, шағын және орта шаруашылықтарды кооперацияларға кеңінен тарту көзделуде

Сондай-ақ, Жоспар аясында ішкі нарықты толтыру мен отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын тиімді пайдалану, су ресурстары мен жер ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасау, ауыл шаруашылығы техникалары мен химиялық құралдармен қамтамасыз етуді арттыру, АӨК-ті ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Жалпылай алғанда, бұларды іске асыру үшін 2,4 трлн. теңге қажетті. Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 1,2 трлн. теңге, жергілікті бюджеттен 852 млрд. теңге, микроқаржылық ұйымдар мен шаруашылық субъектілеріне 306 млрд. теңге қарастырылған», - деді ол.

Айта кетейік, Жаңа бағдарламаға көзделген қаражат осы таңға дейін бекітілген республикалық бюджеттің шеңберінде қарастырылып отыр. Яғни, үкіметтен қосымша қаржы талап етпейді.

Жоспар жобасының қаржылық бөлігі 21 ақпанда Республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды.

Қайрат Жандыбаев

 

 

 

 




Яндекс.Метрика