Білім беру

Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жоюға алдағы 2 жылда 82 млрд теңге бағыттайды

2017-2018 жылдары үш ауысымды және апатты мектептерді жоюға мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан 82,8 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде Ұлттық қордан – 71,3 млрд теңге (2017 жылы), республикалық бюджеттен -11,5 млрд теңге (2018 жылы), деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Ақпан , 12:42

Сондай-ақ, республикалық бюджетті кестені  құрылыс-монтаждық  жұмыстар бойынша алдын ала бітіргеніне орай,  3,7 млрд теңге мына өңірлердегі  8 мектептің құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді: Алматы облысы – 3, Маңғыстау  облысы-4, Оңтүстік Қазақстан облысы-1, сондай-ақ, ОҚО-да  3 жаңа мектептің  құрылысы: Оңтүстік Қазақстан облысы -1; Астанада-2.

Айта кетерлігі,  2015-2016 жылдары  103 мектеп  пайдалануға берілді, оның ішінде  56 апатты және  47 үш ауысымды мектептердің  орнына енгізілді. Қорытындысында, 156  проблемалық мектеп саны  45 бірлікке дейін қысқарды. 




Яндекс.Метрика