Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2016 жылы 40 мыңнан астам қызылордалық халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Қызылорда облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (24,2 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (15,9 мың адам) қатарындағы 40 мың 67 адам қамтылды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда28 Ақпан , 18:34

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 10 мың 530 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам;

- жастар тәжірибесіне 1 мың 240 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 7 мың 52 адам ;

- кәсіптік оқытуға 641 адам жіберілсе, оның ішінде 132 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 13 мың 945 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;

- өздігімен 4 мың 898 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 800 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

Бұдан басқа, 800 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

 




Яндекс.Метрика