Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Солтүстік Қазақстанның 60 ауылына оптикалық талшықты кабельдер салынады

Солтүстік Қазақстанның 60 ауылына оптикалық талшықты кабельдер салынады, деді аппараттық кеңесте «Қазақтелеком» АҚ филиалының бас директоры Әлiм Шүкенов.
Солтүстік Қазақстан28 Ақпан , 10:34

 «Солтүстiк Қазақстан облысында 200-ден астам елдi-мекен оптикалық талшықты байланыспен қамтамасыз етудi қажет етедi. Бұл жұмысты 2020 жылға дейiн аяқтау жоспарланған», - деді «Қазақтелеком» АҚ филиалының бас директоры Әлiм Шүкенов.

Оның айтуынша, үстiмiздегi жылы облыстың 60 ауылына оптикалық талшықты кабельдер салынады.

Жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары басқармасы басшысы Бейбiт Исмановтың ақпараты бойынша облыста 220 автобус маршруты жұмыс iстейдi.

Облыстың 93,6% елдi-мекендерi тұрақты автобус көлiгi қатысуымен қамтамасыз етiлген. 42 елдi-мекен тұрақты автобус көлiгi қатысуымен қамтамасыз етiлмеген.

Бұл елдi-мекендердi жүйелi түрде автобус көлiгiмен қамтамасыз ету қиыншылық тудырып отыр, ең алдымен, маршруттардың тиiмсiз болуымен байланысты. Бұдан басқа, қамтылмаған елдi-мекендердiң үштен бiрiнде тұрғындар саны 50 адамнан аспайды.

Мұндай елдi-мекендердi тасымалдаумен қамтамасыз ету үшiн қаражаттандырылған маршруттар ұйымы қажет. 2016 жылы әлеуметтiк маңызы бар ауданiшiлiк бағыттар бойынша тасымалдаушылардың қаражаттандырылған шығыстарын қаражаттандыруға 11 млн. 206 мың теңге бөлiндi.

 




Яндекс.Метрика