Инвестициялар

Қытай Павлодардағы химия-металлургия комбинатының құрылысын қаржыландырады

Қытай Халық Республикасының Синцзян Ұйғыр Автономиялық ауданының инвестициялық қоры «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында химия-металлургия комбинатының құрылысын қаржыландыруға әзір, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Павлодар28 Ақпан , 10:12

Аймақ басшысы Болат Бақауов пен инвестициялық қордың өкілі - China Machinery Engineering Corporation компаниясының басқарушы директоры Ван Ливэннің кездесуі барысында «TENIR-LOGISTIC» ЖШС-ің титан және кремний диоксиді, қоспалы болат құрылғылар өндірісі кешенінің құрылысы жөніндегі жобасы таныстырылды. 

Қытайлық компания кешеннің құрылысын қаржыландырып, құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесіп, өндірісті бастауға жәрдемдеспекші. Компанияның өкілі Ван Ливэннің ақпараты бойынша бұл жоба ҚР-ғы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы әрекеттестік бойынша қазақстандық-қытайлық халықаралық келісімдердің шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Жобаны жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы туралы «TENIR Logistic» ЖШС-ің бас менеджері айтып берді:  – Осы жылдың шілде айында жобаны жүзеге асыру басталады. Инвестициялардың жалпы көлемі 782 млрд. теңгені құрайды (1 кезек - 122,4 млрд. теңге), алғашқы өнімді шығару 2020 жылға жоспарланып отыр. Комбинатта 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.

Облыс әкімі қоспалы болат, титан және кремний диоксидтерін өндіруде шығындарды азайту мен технологиялардың экологиялық қауіпсіздіктерін сақтауға назар аударып, облыстық индустриялық-инновациялық басқарма басшысының міндетін атқарушыға, «Павлодар» АЭА» БК АҚ-ың директорына «TENIR Logistic» ЖШС-ің жобасын жүзеге асыруда барынша қолдау көрсетуді тапсырды.

 




Яндекс.Метрика