Инфрақұрылымның дамуы

БҚО-да қаңтар айында 190 жаңа мекеме пайдалануға берілді

БҚО-да қаңтар айында 190 жаңа мекеме пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан28 Ақпан , 09:51

2017 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 3971 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2016 жылдың деңгейіне 114,9%-ды құрады.

«2017 жылғы қаңтарда 190 жаңа ғимарат, оның ішінде 179 тұрғын үй және 11 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға берілді.2017 жылғы қаңтарда тұрғын үй құрылысына 2610,1 млн. теңге инвестиция бағытталған немесе 2016 жылдың деңгейіне 552,3%», - делінген хабарламада.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 35,7 мың шаршы метрді құрады,пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2016 жылдың деңгейіне 177% құрады.
2016 жылғы қаңтарда жұртшылық қаражаты есебінен 27,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер, бюджет қаражаты есебінен 7,8 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлер. 

Іске қосылған тұрғын үйлердің көбеюі Орал қаласында және Бөкей ордасы, Бөрлі, Зеленов аудандарында байқалады.




Яндекс.Метрика