Басқару

ҚР СІМ және ҚР ИДМ Қазақстандық экспортты ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қазақстандық өнім экспортын ілгерілету жөніндегі өзара іс-қимылды күшейту бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Ақпан , 09:28

Экспорттық және инвестициялық бағыттарды тығыз байланыстыру қажеттілігі жоспардың тұжырымдамасына негізделген. Іспетті тәсіл Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ұлттық экспорттық және инвестициялық стратегияларда қарастырылған.

Жоспардың іске асырылуы әрбір тауарды өткізуге ықтимал нарықтарды терең талдауда және сұраныс деңгейінде негізделеді. Бұл ретте, жоғары құн қосылған өнімдерге ерекше назар аударылады.

Қ. Әбдірахменов және Ж. Қасымбек жоспардағы іс-шаралар екі министрліктің бүкіл әлеуетін іске қосуға мүмкіндік туғызады деп сенеді. Осы жұмысқа Қазақстанның шет елдердегі мекемелері, сондай-ақ келешекте құрылатын «Kazakh Export» экспортты ілгерілету жөніндегі ұлттық оператор белсенді түрде тартылатын болады. Оның негізгі міндеті отандық өндірушілерге казақстандық өнімдерді шетелдік нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсету болады.

 




Яндекс.Метрика