Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ауғанстан Президенті Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Өміртай Бітімов Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммед Ашраф Ганимен кездесті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде 27 Ақпан, 19:56

Елші Президентке «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы» мерейтойлық  медалін берді, сондай-ақ,  Шанхай ынтымақтастық ұйымы  мен Астанадағы Ислам ынтымақтастық  ұйымының  Ғылым және технология  саммитіне шақрыды.

Ө.Бітімов  Ауғанстан көшбасшысын  Қазақстандағы үрдістерімен таныстырып, Елбасының  бастамаларын түсіндіріп, билік арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселесімен бөлісті. Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы хабардар етті.

А.Гани Қазақстан Президентіне сыйлық үшін алғыс айтты.

«Ауғанстанда Қазақстанның ұзақмерзімді жоспарын  қолдап, қазақстанық қоғамның  дамуына ниеттес», - деді ол.

 

 





Яндекс.Метрика