Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

104 ақмолалық «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады

2017 жылы 104 ақмолалық студент «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша диплом алды, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ақмола 27 Ақпан, 19:34

Ақмола облысы Щучье қаласының Экология және орман шаруашылығы колледжінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасының «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтауларына байланысты дипломдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. «Серпін – 2050» жобасының 19 түлегі ландшафттық дизайн мамандығы бойынша дипломға ие болды. 2017 жылы Ақмола облысы бойынша барлығы 104 түлек есептеледі.

Экология және орман шаруашылығы колледжінің директоры Владимир Скляровтың айтуы бойынша, бағдарламаға қатысушы барлық түлектер жұмысқа орналастырылып, тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, келесі оқу жылында колледж Қызылорда облысынан 25 студентті қабылдауды жоспарлап отыр.  

Еске сала кетейік, «Серпін – 2050» жобасы 2014 жылы іске қосылған, ол еліміздің еңбек ресурстары көп оңтүстік өңірлерін жастарды оқытуға және кадрлар тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған. Бағдарлама шәкіртақы төлеуді көздейді, жатақханалар беріледі, жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында қойған басым міндеттердің біріне жатады. Стратегияға сәйкес, білікті кадрларды даярлау қажеттігі дамыған 30 елдің қатарына кіруге себепші болады.  





Яндекс.Метрика