Халықаралық интеграция

Алматыда Францияның Халықаралық күндері өтеді

Алматылықтар мен қала қонақтары мегаполисте өтетін Францияның Халықаралық күндері аясында «француздарша өмір сүріп», француздардың бай тарихы, мәдениеті, тұрмысы мен өнері туралы ақпарат алатын болады.
Алматы қаласы27 Ақпан , 20:46

Биылғы жылдың бағдарламасы бойынша 2-ші Халықаралық «Regard de France» көрмесі өтеді, оған келгендер Қазақстандағы француз компанияларының тауарларымен, брендтерімен, қызметімен кеңінен танысады. 4-5 наурыз күндері The Ritz Carlton барлық отелдерінде мәдени бағдарлама көрсетіліп, жүлделер мен сыйлықтар ұсынылады.   

4 наурызда кешкісін «Шымбұлақ» биік тау шаңғысы курортында жыл сайынғы француз кеші өтеді, әуесқойлар шаңғымен сырғанайды.  Сен-Тропе қаласынан келген делегация құрамында туристік бизнес өкілдері, «Byblos» отелінің атақты  шеф-аспазы және танымал музыканттар болады.

«Әйелді құдай жаратқан» атты фотокөрме атақты француз киноактрисасы Бриджит Бардоға арналған. Актриса  Сен-Тропе қаласының символына айналған. Көрмені Esentai Mall  сауда орталығында наурыздың 4-30 аралығында қала мэриясы ұсынады. Мұнда Бриджит Бардоны әлемдік даңққа бөлеген  «Әйелді құдай жаратқан» кинолентасы көрсетіледі.

Франция күндерін ұйымдастырушылар – Алматыдағы Францияның Бас Консулдығы, қаладағы  Францияның іскер серіктес компанияларының Қазақстандық Ассосациясы. Олар мұндай мәдени байланыстар, түрлі көрмелер, іскерлік кездесулер,  қызықты тұсаукесерлер екі жақты  ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, Франция мен Қазақстанда тұратын азаматтардың өзара  түсіністігі мен сыйластығын қамтамасыз етеді дейді.




Яндекс.Метрика