Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Конституциялық реформаларда асықпай әрекет ету керек – Владимир Божко

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық топ отырысында билік тармақтары арасында өкілеттікті бөлу туралы өз пікірін білдірді.
Астана қаласы27 Ақпан , 17:21

Владимир Божконың айтуынша,  жұмыс комиссиясы  елде талқыланып жатқан реформа бойынша  барлық ұсыныстар мен толықтыруларды назарға алады.

«Депутаттар  өздерінің сапарлары аясында  елдегі  ұлтаралық  бейбітшілік пен  келісімнің нығаюына  үлес қосатын тақырыптарды есептеріне қосқан болатын.  Оның ішінде  3 мыңдай тақырып бар. Оның ішінде депутаттар өздерінің сайлаушылары алдында да есеп береді. Сәйкесінше,  оңтайлы бағаны Үкіметпен  талқылауды күшейте түсу үшін   комиссияға   бағыттайды», - деді ол.

Вице-спикер айтып өткендей, комиссия  жобаны жетілдірген соң  Парламентке шығады.

«Мен 25 жыл конституциялық өзгертулердің  қатысушысы болып отырмын.  Менің жеке тәжірибем  бойынша конституциялық реформаларда асығыстықпен әрекет етуге болмайды, себебі еліміз Тәуелсіздік жылдарының алғашында күрделі сынақтардан өткен болатын. Меніңше, кезеңдік  жұмыс аталмыш күрделі  тақырыптарда өте орынды», - деді ол.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика