Халықаралық интеграция

Ақмола облысы Қытайға 32 астық контейнерін жөнелтті

Көкшетауда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Ақмола өңірінің теміржол құрылымдары жетекшілерімен кеңес өткізді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Ақмола27 Ақпан , 18:37

Кеңесте өндіріс тиімділігін көтеру, көлік қызметі сапасын жақсарту, теміржол инфрақұрылымын дамыту, су тасқыны кезінде пойыз қозғалысы қауіпсіздігін бақылауда ұстау жайы қаралды.

Құрылым басшылары Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесінің пайдалану қызметі туралы баяндады. Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры Н. Жаниязов биылғы жыл басынан бері негізгі пайдалану көрсеткіші орындалды.

Қазіргі таңда Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің негізгі басымдығы астықты тиісті бағдарларға жөнелту. Биылғы жыл басынан бері Қытайға Қырқыншы станциядан бір контейнерлік пойыз жіберілсе, Жалтыр станциясынан Хошимин портына  32 контейнер жөнелтілді.

Н. Жаниязов жиынға қатысушылардың назарын  «Астана темір жол вокзалы кешінемен қоса, теміржол телімін дамытуы» жобасының жүзеге асырылу барысына  аударды. Негізгі тапсырма биылғы жылдың алғашқы жартысында Астана –Жолаушылар жаңа вокзал кешенін ашу. Жаңадан салынып жатқан жүк станциясы Астана мен Қырқыншы станцияларының жүк көлемін азайтуға ықпал етеді.

Ақмола магистральдық желі дирекциясының директоры А. Қизатов теміржолдарды жаңғырту қорытындысы туралы хабарлады. 2016 жылы 350 шақырым жол жөнделді. Оның ішінде 82,3 шақырымында күрделі жөндеу, 9,4 шақырымда күшейтілген, 18,9 шақырымында орташа жөндеу жүргізілді. 31 бағыттауыш бұрма темірбетон түріне ауыстырылды.

Жылда көктем қарсаңында теміржол нысандарын көктемгі су тасқынынан құтқарудың алдын алу шаралары жүргізіліп келеді.

А. Қизатовтың айтуынша, «Арнайы комиссия құрылып, ол көктемгі су тасқыны болуы мүмкін шаруашылықтарды бақылау шараларын күшейтіп, пойыз қозғалысы қауіпсіздіне дайындықты қадағалайды. Олар тасқынның алдын алу шараларын үйлестіріп, нысандарды тасқын су өткізуге әзірлейді.

«Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 50 орын көрсетілді. Астана-Атбасар жол телімінде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде. Көкшетау, Астана, Жаңаесіл, Атбасар станцияларында тасқынға қарсы төрт пойыз құрастырылды. Аршалы. Ерейментау, Есіл, Петропавл станцияларымен шектесетін өңірлердд  де арнайы пойыздар жасақталуда. Су айдайтын 22 мотопомпы дайын»,-дейді А. Қизатов.

«Барлық магистральдық желі бойларында тасқын суларды тоқталыссыз өткізу мен өңірлердегі  теміржол бөлімшелеріндегі  көктемгі комиссиялық тексеруді қысқа мерзімде және сапалы өткізуі тиіс»,-деді  «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.

Қ. Алпысбаев өндірістік жиынды қорытындылай келіп, су тасқыны кезінде барлық теміржол нысандарын қатаң бақылауда ұстап, пойыздардың қауіпсіздін қамтамасыз етіп, тоқталыссыз жүргізу үшін бірқатар тапсырмалар берді.

 

 

 




Яндекс.Метрика