ҚР Президентінің Жолдауы

Қоғам үлкен реформаларға толық дайын – С. Әбдірахманов

Мемлекеттік биліктің алдағы реформасы қазақстандық қоғамды демократияландыру стратегиясын жүйелі іске асыруды көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының Парламент Мәжілісінде өткен отырысында депутат Сауытбек Әбдірахманов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:43

Парламент Мәжілісінің депутаты атап өткендей, Президент халыққа Жолдауын дер кезінде жариялады және азаматтарға үлкен үміт артады. 

«Жалпы орын алатын саяси реформалардың негізгі қағидаттары аясында Президент өкілеттіктерінің бір бөлігін Үкімет пен Парламентке беру жоспарланып отыр. Бірінші қағидат – тиімділік. Саяси жүйені жаңғырту мемлекеттік басқарудың тиімділігіне бағытталған, бұл нәтижесінде барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды анағұрлым сапалы іске асыруды қамтамасыз етеді. Екінші қағидат – жауапкершілік. Алдағы өзгерістердің нәтижесінде Үкіметтің және барлық атқарушы биліктің рөлі артады. Үшінші қағидат – тұрақтылық. Оның сақталуына Мемлекет басшысы баса назар аударды», - деп атап өтті мәжіліс депутаты. 

Оның айтуы бойынша, қазақстандық саяси жүйенің тұрақтылығы дағдарысты тиімді жеңіп қана қоймай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуге де мүмкіндік береді. 

«Қоғам осындай үлкен реформаларға толық дайын. Барлық реформалар қоғамдық келісімнің, бірлік пен достықтың саяси тұрақтылығының жоғары жағдайларында тиісінше жүзеге асырылып келе жатқанын сеніммен айта аламыз», - деп қорытындылады депутат. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика