Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ата Заң қоғамның уақыты мен талабына жауап беруі керек – Имашева

Жаңа жаһандану, экономикалық қарым-қатынастың мақсатты дамуы, саяси партиялардың дамуы, қозғалыстар, қоғам көзқарасының құрылымында туындайтын өзгерістер, мемлекет құрылымдарында пайда болатын өзгерістер Конституцияны қайта қарауды талап етеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:04

Депутат айтып өткендей, Конституциялық реформаларды талқылау  аясында  2,5 мың ұсыныс келіп түсті,  оларды жұмыс тобы  толықтыратын болады.

«Ең бастысы талқылаудың қандай пішінде өткендігі. Меніңше, талқылауға барлық ел қатысты. Біз өңірлерге шықтық, әлеуметтік желідегі   пікірлерге құлақ түрдік.  Айта кетерлігі, келе жатқан саяси  реформалар  өте қызықты. Конституцияға өзгертулер  бұрындары да енгізілген болатын,  егер ол кезде заңгерлер мен  саясаттанушылар  талқыласа, қазір  кәсіпкерлер,  қарапайым азаматтар, мен саяси партиялар қатысуда.  Жүзеге асқалы отырған реформалар  жаңа технологияларды қолдану арқылы ауқымды бола түсті. Біз жауапты пікірді  өзгертулер жария болған соң алдық. Біз өңірге  шыққанда  біздің қоғам  күрделі әрі талапты  бола түскеніне   көз жеткіздік. Меніңше, Конституциялық  реформа қазір әбден пісті. Ешбір өзгеріс енбеген саяси жүйе болған емес», - деді депутат.

С.Имашеваның айтуынша, Ата Заң қоғамның  уақыты мен талабына  сай болуы керек.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика