Экология

Қазақстандық ақбөкендерге қауіп төніп тұрған жоқ – АШМ

Монғолиядағы ақбөкендердің жаппай қырылуы Қазақстандағы ақбөкендерге әсер етпейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі Жасұлан Әбдіхалық ОКҚ-да мәлімдеді.
Астана қаласы27 Ақпан , 18:54

«Монғолиядағы ақбөкендердің  популяциясынан Қазақстанға ешқандай қауіп төнбейді. Ақбөкеннің бұл түрі біздің республикамызда көші-қон жасамайды. Қазіргі таңда  көші –қон тек ресейлік және  өзбек ақбөкендері арасында  болып отыр. Сондықтан, қауіп төнім тұрған жоқ», - деді АШМ өкілі.

 




Яндекс.Метрика