ҚР Президентінің Жолдауы

Биыл зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру үшін 81,6 млрд теңге бөлінеді

2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақының көлемін 20%-ға өсіру,жұмыс берушінің 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын енгізудің қарастырылған мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделгенін атап өтті, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Астана қаласы27 Ақпан , 15:28

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылардың мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Ынтымақты зейнетақының жыл басынан 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, тағы 11%-ға арттырылатын болады. Базалық зейнетақының жыл басынан 7%-ға арттырылғанын ескере отырып, тағы 13%-ға арттырылатын болады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының мөлшерін 2016 жылғы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға дейін арттыруын қамтамасыз етеміз. Бұл арттыру барлық зейнеткерлерді немесе 2 млн.-нан астам адамды қамтиды», - деп айтты Светлана Жақыпова.

Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескергенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 45 711 теңгеге дейін ұлғаяды. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) 55 117 теңгеден 66 676 теңгеге дейін артады.

Бала тууына байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 7%-ға арттырылды, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға артатын болады. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы зейнетақының өсімі 27%-ды құрайды.

«Егер 2016 жылы бала тууына байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала тууына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 мың теңгеге дейін жоғарылады, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгені құрайтын болады», - деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика