ҚР ИИДМБ

Степногорскте күкірт қышқылы зауыты толық өндірістік қуаттылыққа шықты

Степногорск күкірт қышқылы зауыты толық өндірістік қуаттылыққа шықты, деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС директоры Төлеужан Жексембаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Ақмола27 Ақпан , 16:21

Степногорск тау-химия комбинаты 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылы зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС болып қайта құрылған болатын.

«Күкірт қышқылы өндірісі 2015 жылдың соңында іске қосылғанын ескерсек, 2016 жылдың соңына қарай зауыт жылына 180 мың тонна күкіртті құрайтын толық өндірістік қуаттылықа шықты», – деп түсіндірді Т. Жексембаев.

Құны 13,3 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған.

«Күкірт қышқылы зауытын қайта құру 222-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, оның 97%-ын жергілікті тұрғындар құрайды. Еңбекақының орташа айлық мөлшері 154 мың теңге», – деп қосты спикер.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша, 2015 жылдан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 12 мың жұмыс орны ашыла отырып, 815,2 млрд теңге сомасына 110 жоба іске асырылған.




Яндекс.Метрика