Адами капитал

ОҚО-да мемлекеттік қызметшілердің үстінен түскен 100-ден астам арыз қаралған

ОҚО-да мемлекеттік қызметшілердің үстінен түскен 100-ден астам арыз қаралған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область27 Ақпан , 17:54

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасы Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында тағайындалған уәкіл осы мерзім ішінде 36 мемлекеттік қызметкердің этикалық қарым-қатынасындағы кемшіліктері анықтап, шара көрілуіне атсалысқан.

 «Сонымен бірге, 74 мемлекеттік қызметші мен басқа да азаматтаға жеке қабылдаулар өткізіліп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Почта байланысы арқылы 8 арыз түссе, Кентау қаласы мен Қазығұрт ауданынан түскен 4 арыз облыстық Әдеп кеңесінің қарауына жолданып, бір мемлекеттік қызметшіге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» тәртіптік шара көрілді. Сарыағаш ауданынан түскен бір арыз облыстық еңбек инспекциясы басқармасы арқылы тексеріліп, қазіргі уақытта сотта қаралуда. Әдеп жөніндегі уәкілдің облыс әкімі аппараты ғимаратындағы жеке қабылдауында 14 адам болып, жазған арыздары заң талаптарына сай тексеріліп, жауаптар берілді. Ал сымтетік арқылы 8 адам хабарласты. Жалпы, осы уақыт аралығында Әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауында болғандар, сымтетікпен хабарласқандар, почта арқылы келіп түскен арыздардың саны 104-ті құрады», - деді Ә.Әлішев.

 Мұнан бөлек, Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттерді орындау аясында бекітілген кестелерге сәйкес 2016 жылы 97 іс-шара өткізіліп, облыс әкімі аппаратында, барлық облыстық басқармаларда, қалалар мен аудандарда жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар-кеңестер өткізілді.

 

 




Яндекс.Метрика