Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ШҚО-да дәрігерлерді қайта дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізуде

Шығыс Қазақстанда дәрігерлерді қайта дайындау жүйесі бойынша үш жылдық кешен әзірленуде.
Шығыс Қазақстан27 Ақпан , 20:21

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай,  1 млрд  теңгені ШҚО билігі денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттыруға бөлуді  қарастырып отыр. Үш жыл бойы кезең-кезеңімен    ана мен баланы  қорғау,  онкология, қан айналымы  аурулары саласында   жұмыс істейтін   150 дәрігер қазақстандық және шетелдік клиникаларда дайындықтан өтеді. Өзге елде біліктілікті арттыру үшін  ағылшын тілін меңгеру қажет.

Сондай-ақ, кешендік бағдарлама дәрігерлерді оқыту мен бірқатар деңгейдегі  медбикелерді  дайындауды қарастырады. Семей медицина университетінің үздік мамандарын, Астана мен Алматы қалаларынан  ғылым және медицина қызметкерлерін шеберлік сыныптары мен  семинарлар өткізуге тартады.

Айта кетерлігі, өткен жылы Англия клиникаларында  6 айлық курсты  облыстың  12 акушер-гинекологы өтті. 




Яндекс.Метрика