Басқару

МКД-де салық төлеушілерге қатысты рейдтік тексерулердің механизмі талқыланды

Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті алқасының кеңейтілген отырысы өтті.МКК деректер қорына чектердің деректерін онлайн берумен, бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілерге қатысты рейдтік тексерулер болмайды.
Астана қаласы27 Ақпан , 14:32

Отырыс барысында мемлекеттік кірістер органдарының 2016 жылы атқарған қызметінің қорытындылары талқыланды, сондай-ақ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында ведомствоның алдында қойған міндеттер аталып өтілді.  

Осыған байланысты, фискалдық орталықсыздандыру, бизнес шығындарын қысқарту, салықтық және кедендік әкімшілендіру жақсарту, аспаптарын жақсарту, бизнесті қаражатты көлеңкеден шығаруға ынталандыру сияқты және басқа да бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары егжей-тегжейлі пысықталды және белгіленді.

Сонымен қатар, салық тексерулерінің санын азайту, атап айтқанда рейдерлік тесерістерді қысқартуға қатысты ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтановтың ҚР Қаржы министрлігінің өткендегі алқа отырысында берген тапсырмасын орындауға ерекше көңіл бөлінді.

Мысалы, Комитеттің мұқиятты жан-жақты талдау жүргізуінің негізінде МКК деректер қорына чектердің деректерін онлайн берумен, бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілерге қатысты рейдтік тексерулерді жүргізбеу туралы Тапсырманы орындау тетігі ұсынылды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика