ҚР ИИДМБ

Қарағанды машина-құю жасау зауытын жаңғыртқан соң жабдықтар 80 пайызға жаңарады

Қарағанды құю-машина жасау зауытын жаңғыртқан соң жабдықтар 80 пайызға жаңарады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды27 Ақпан , 12:58

Бүгінде  жұмыстардың басым бөлігі орындалды. Оларды 2017 жылдың шілдесіне қарай аяқтау жоспарланған. 

Жобаның құны - 61,5 млн. АҚШ долл. Бұл қаржының 10% - «Қазақмыс» корпорациясының қаржысы, 90% - «БРК лизинг» АҚ.
«Жоба 2014 жылы іске қосылды және 2019 жылға дейін есептелген. Оның міндеті – қолданыстағы машина жасау өндірісін жаңғырту. Жобаны іске асыру зауыттағы номенклатура атауын 5 мыңнан 15 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өндірістік қуаттылығы 3-4 есеге, жылына 3,5-4 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін ұлғаяды», - дейді «Maker» ЖШС – ҚҚМЗ техникалық директоры Сергей Жабин.

Оның айтуынша, зауыт 80% жаңарады. Жабдықтар еуропалық, америкалық, корей, түрік өндірушілерінен сатып алынады. 

«Жобаның жалпы көлемі бойынша бүгінде 70% орындалды. Жаңғыртылатын 98 жабдықтың ішінен 56-сы алынды. 30 бірлігі монтаждалды, оның ішінде 14-і іске қосылды, пайдалануға беру туралы актіге қол қойылды. Персоналды оқыту жұмыстары жүргізілуде және номенклатурасы жасалуда», - деді Сергей Жабин.

Қазақстандық кәсіпорын жаңғыртудан кейін өз өнімдерін Қытай мен Иран нарығына өткізбек. Жобаны іске асырудың нәтижесінде «Қазақмыс» корпорациясы импорт алмастыруды 70%-ға дейін ұлғайтады.

Есептеулер бойынша, қазақстандық мазмұн 90% жетеді. 2019 жылға қарай зауыт толық жобалық қуаттылыққа шығуды жоспарлап отыр. 

 




Яндекс.Метрика