Қалаларға шоғырлану

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібінің өндірісі 32%-ға өсті

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2017 жылғы қаңтар қорытындылары бойынша 32% өсті, деп хабарлады «ҚазАвтоПром» ҚАСКО» ЗТБ.
Казахстан27 Ақпан , 12:37

Сонымен бірге, өткізудің 53% өсуі байқалады. Осылайша, жеңіл автомобильдер өндірісі 67,9% өсіп, кәсіпорын өнімінің үлесі 13,6%-дан 30,6%-ға дейін өскен.

Атап өту қажет, сатылымның 11%-ын экспорт қамтамасыз еткен.

«2017 жылғы қаңтар айының қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 2,1 млрд теңге автокөлік құралының 586 бірлігі (жүк көлігі мен автобус техникасын қоса алғанда) өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нәтижелерден 31,7 % асқан. Жеңіл автомобильдер шығарылымының көлемі 67,9% өсіп, 549 бірлікке жетті», - деп хабарлады ҚазАвтоПром.

Осы ретте, 2017 жылғы қаңтарда отандық автозауыттардың өткізілімі 754 бірлікті құраған, бұл өткен жылғы мәннен 52,6% жоғары. Есепті кезең қорытындылары бойынша қазавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылғы ұқсас кезеңдегі 13,6%-ға қарсы 30,6% жеткен. Өнімнің 12%-ы (88 бірлік) жеңілдікті автонесиелер мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген, отандық автомобильдердің 11%-ы (82 бірлік) шетелдік нарықтарда өткізілген. 




Яндекс.Метрика